Ғаламтор біздің өмірімізде

Ғаламтор біздің өмірімізде

Құрметті жас оқырман! Қазіргі кезде барлығынның ғаламтор жайлы азды-көпті мәліметтерің бар екеніне сенімдіміз. Қазіргі кезде мектеп жасында ғаламтор қолданбайтын бала жоқтың қасы.

Соған қарамастан, қолданып отырған ғаламтордың қауіпсіздігі жайында көпшілігін білмейсіңдер. Ғаламтордың шығу тарихы, пайдасы мен зияны қаншалықты, және одан қорғану жолдары қандай? Міне, осы сұрақтарға жауап алу үшін Нұра аудандық балалар кітапханасы Ғаламтор біздің өмірімізде атты танымдық ақпарат ұсынады.

XX- ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірімен байланыс орнатып, әлем елдеріндегі адамдарды біріктіріп отыр. Ғаламтор 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келді. Оны соғыс кезінде бір-бірімен телефон арналары арқылыи қосылған компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы желі ойластырды. Тәжірбиенің ойдағыдай жүргізілу барысында ARPAnet желісі пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютерді ғана біріктірді. Кейін ARPAnet бейбіт мақсатқа қызмет етті. Оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. 1970 жылдары ғаламтордың бүгінгі қолданыстағы үлгісін жобалаған Калифорния университеті математика факультетінің түлегі Винтон Серф.

80-жылдардың басында ғаламтор деген жаңа термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі дегег сөзі. 1990-шы жылдарда Ғаламтор қолданушыларының саны күрт өсті. Ал 2000 жылы оған 5 млн. компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 млннан асты.

Ғаламтор мүмкіндігі шексіз.Өзіңді қызықтыратын, пайдалы көп нәрсе алуға болады. Гиперсілтеме арқылы қажетті басылымдарды санаулы минуттар ішінде табасың. Алайда ғаламторды жеке адам меншігіне айналдыра алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде әлемдегі барлық адамзаттың ортақ қазынасы болып табылады.

Ғаламторды пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынас орнатып, мәліметтер алмасудың бірден-бір жолы – электрондық почта ашып пайдалану. Тікелей бейне байланыс та орната аласың. Электрондық адрес алу үшін, сол санаттағы байланыс құратын сайттың біріне кіру арқылы ондағы нұсқауларға сүйене отырып, өзіңді тіркеуің қажет. Сайттың атауы мен E-mail айырмашылығы- сайтта www, электрондық почтада @ белгісі бар.

Электрондық почта арқылы жұмыс жасағанда сендер көбінесе сол сайттың қызметі жөнінде жете таныспай-ақ, адрес алып қолдана беретіндіктен, қолдану барысында көптеген қиындықтарға тап боласыңдар. Біріншіден, сайт жайлы толық мәлімет алу керек, шарттарымен танысу қажет. Олай болмаса, сайт шарттарына қайшы әрекеттер салдарынан сайт иелері тарапынан сөгіс алу, почтаның жабылып қалуы жиі кездеседі. Екіншіден, почтаң іске қосылғанда оның қызмет түріне назар аударылмағандықтан, көптеген өзіңе қажет емес қызметтер мазалай береді. Сонымен қатар сенің адресіңе компьютерлік вирус жіберетін теріс пиғылды адамдардың почтаңа кіруіңе оңай жол ашылады. Сондықтан да, қолданып отырған почтаңның қызмет құралдарын реттеу тармақтарыңа мұқият назар аударып, өзіңе қажет және қажет емес қызметтерді тиянақты реттей білуің керек. Кім көрінген сенің адресіңе кіріп, жеке мәліметтеріңді ақтарып, қажетсіз ұсыныстар жасамасын десеңдер, осы реттеулерді ескеріп, қауіпсіздік жүйесін сақтағаның дұрыс. Олай болса адрес алып қолданғанына мәз болып отыра бермей, сайттың ұсынып отырған барлық қауіпсіздік нұсқаулары мен қызметін толық меңгергенің жөн.