1.Жалпы ережелер
1.1. Аудандық “Instagram. Кітапхана. Оқу” кітапхана мамандары арасында Инстаграмдағы үздік аккаунтқа байқауының ұйымдастырушысы Б. Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапхана. Осы ереже байқаудың мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқауды өткізу туралы ереже және байқаудың қорытындылары туралы ақпараттық материалдар Нұра ОКЖ сайтының “Конкурстар” бөлімінде және алеуметтік желілерде орналастырылады.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Байқаудың мақсаты – бірыңғай ақпараттық кітапханалық кеңістікті дамыту, оқуды насихаттау және Интернет желісінде кітапханалардың оң имиджін қалыптастыру.
Байқаудың Міндеттері:
- жұртшылықтың, оның ішінде жастардың назарын кітапхана жұмысына аудару;
- үздік мамандарды анықтау арқылы кітапхана беделі мен кітапхана кәсібін арттыру;
- кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық қабілеттерін ынталандыру;
- кітапхана мамандарының инновациялық жұмыс түрлерін анықтау;
- балаларды, жасөспірімді тарту;
3. Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі
3.1. Байқау комиссиясы “Үздік кітапханалық Instagram аккаунт” номинациясын тағайындайды.
3.2. Байқауға қатысу Нұра ОКЖ кітапханалық Instagram аккаунттары бар, барлық кітапханалары үшін міндетті.
3.3. Байқауға кітапханалардың қызметін көрсететін және “Instagram” әлеуметтік желісінде оқуды насихаттайтын кітапхана аккаунттары қатыса алады. Байқауға қатысуға жеке парақшалар жіберілмейді.
3.4. Байқауға қатысу үшін metodbura@mail.ru почтасына өтінім жіберу керек. ( 1 қосымша )
4. Байқауды өткізу мерзімдері
4.1. Байқау 2022 жылдың 14 ақпанынан 2022 жылдың 14 наурызына дейін өткізіледі.
4.2. Байқауға өтінімдер 2022 жылғы 19 ақпанға дейін қабылданады.
4.3. Байқаудың қорытындысын қазылар алқасы 2022 жылғы 15 наурызда жариялайды.
5. Бағалау критерийлері
5.1. Конкурсқа қатысқандарды Конкурстық комиссия келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- аккауант безендіру (дизайн);
- бетті жаңартудың жүйелілігі (жаңалықтар, фото және видео);
- жазушылар саны;
- аудиторияны тарту, қарым-қатынас (лайктар, пікірлер, репосттар, ойындар және т. б.);
- қатысушылармен өзара әрекеттесудегі әдептілік (талқылауға қатысу);
- аудиторияны тарту мен ұстап қалудың стандартты емес және инновациялық тәсілдері.
- инста стористерді жүргізу (викториналар, сауалнамалар, тесттер және т. б.)
- актуальное стористерін безендіру
5.2. Конкурстық жұмыстарды бағалау:
- Әрбір критерий 1-ден 5 баллға дейін бағаланады;
- Конкурс жеңімпаздары Конкурстық комиссия қойған баллдарды есептеу негізінде таңдалады.
- Конкурстық комиссияның шешімі бойынша конкурс қорытындыларын шығаруға қатысу үшін өзге тұлғаларды шақыруға болады.
6. Конкурстың қорытындылары мен нәтижелері
6.1. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпаздарына 1, 2, 3-орын береді.
6.2. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
3.3. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етіледі.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Осы Ережеде көрсетілмеген барлық мәселелер ұйымдастыру комитеті қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып шешіледі.
Ұйымдастыру комитетінің Конкурс туралы ережеге өзгерістер енгізу құқығы бар.
Телефоны: 8 (7144) 22 2 10
Электрондық мекен-жайы: metodnura@mail.ru
№ 1 қосымша
Өтінім
Аудандық кәсіби конкурсқа қатысуға конкурстың Ұйымдастыру комитетіне
үздік Instagram аккаунтына
“Instagram. Кітапхана. Оқу”
|
№ |
Кітапхананың аты |
Кітапханашы |
Акааунт сілтемесі |