2020 жылы Нұра ОКЖ кітапханаларында “Еріктілермен үздік жұмыс” байқауын өткізу
ЕРЕЖЕсі
“Волонтерлік қозғалыстың негізінде әлем сияқты ескі қағида жатыр: өзіңді адам сезінгің келсе-басқаға көмектес”.
Вольтер
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже “Еріктілермен үздік жұмыс” (бұдан әрі-Байқау) еріктілер жылына Байқаудың мәртебесін, мақсатын, міндеттері мен ұйымдастыру тәртібін және қатысу шарттарын анықтайды.
1.2. Байқауды өткізуді ұйымдастыру Нұра ОКЖ кітапханаларын дамыту секторына жүктеледі
1.3. Байқауға Нұра ОКЖ барлық ауылдық кітапханалары қатысады
1.4. Қажет болған жағдайда конкурс өткізу барысында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетіледі.
2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Байқау волонтерлік қызметке назар аудару, әлеуметтік-пайдалы бастамаларды дамыту, қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, жаңа білім мен тәжірибе алу мүмкіндігі, сондай-ақ кітапхана кеңістігі мен серіктестер шеңберін кеңейту мақсатында өткізіледі.
2.2.2. Әр түрлі жастағы адамдарды еріктілік жұмыстарға тарту
2.2.3. Кітапханалық қызмет көрсету спектрін кеңейту.
3. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
3.1. Нұра ОКЖ ауылдық кітапханаларының қызметкерлері.
4. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
4.1. Жұмыстарды қабылдау уақыты 2020 жылдың 1 Наурызынан 25 қарашаға дейін. Қорытынды шығару 2020 жылдың 30 қарашасына дейін.
4.2. Жұмыстарды Нұра ОКЖ кітапханаларын дамыту секторы қабылдайды.
5. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
5.1. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалауды қазылар алқасы жүзеге асырады. Үздік жұмыстар қазылар алқасының мүшелері қойған бағаларды қосумен және бағалардың орташа санын шығарумен анықталады.
5.2. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушыларға лауреат-жеңімпаз дипломдары беріледі.
5.3. Байқау нәтижелері Нұра ОКЖ ресми сайтында жарияланады.
5.4. Байқау нәтижесі бойынша кітапханада волонтерлермен үздік жұмыстар кіретін Сценарийлер жинағы дайындалады.
5.5. Жұмыстарды ұсыну және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау 2020 жылдың 1 желтоқсанында өтеді.
6. БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
6.1. Байқауға қатысу үшін “Кітапханада еріктіліктің үздік жеке тәжірибесі” номинацияда жеке орындалған жұмыстар ұсынылуы мүмкін.
6.2. Ұйымдастырушылар осы Ережеде көзделмеген конкурстық жұмыстарды көтермелеуге ұсынуға құқылы.
7. ЖҰМЫСТАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
7.1. Жалпы талаптар
7.1.1. Байқауға 2020 жылы волонтерлермен жұмыс істеу бойынша ақпараттық есептер қабылданады.
7.1.2. Есепте мынадай ақпаратты көрсету қажет:
– ерікті қызметтің бағыттары туралы;
– өткізілген іс-шаралар, волонтерлермен жұмыс түрлері туралы;
– тартылған еріктілер туралы: Саны, жасы, қызмет түрі;
– еріктілермен одан әрі жұмыс істеу перспективалары туралы.
7.1.3. Есепке қосымша материалдар: бейне және фотоматериалдар, тұсаукесерлер, іс-шаралар сценарийлері және т. б. қоса берілуі мүмкін.
7.2. Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар.
7.1.1 Жұмыстар электронды нұсқада metodnura@mail.ru бойынша қабылданады:
7.1.2. Титулдық парағында көрсетілетін ақпарат: жұмыстың, автордың немесе авторлық ұжымның, құрылымдық бөлімшенің атауы; конкурстық жұмыстың атауы; байланыс
7.1.3. Жұмыстың электрондық нұсқасы Word форматындағы файлдарда орындалуы тиіс, шрифт TimesNewRoman, интервал – 1,5. Есеп көлемі 5 беттен артық емес.
7.3. Жұмыстарды ұсынуға қойылатын талаптар:
7.3.1 Ұсынылған жұмыстың тұсаукесері 2020 жылғы 1 желтоқсанда марапатталады. Автордың ашық, креативті қойылымы 5-7 мин. ішінде еркін түрде ұсынылады.
8. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
8.1. Жұмыстарды бағалау үшін қазылар алқасы құрылады, оның міндетіне жеңімпаздарды анықтау.
8.1.1. Конкурстық комиссия арнайы дипломдар мен номинациялар құруға құқылы.
8.2. Қазылар алқасы жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды: *
Байқау тақырыбына сәйкестігі.
* әлеуметтік маңызы
* ерікті үлес;
нәтижелерді көбейту мүмкіндігі (тәжірибе бірегейлігі);
* қоғамдық резонанс
* тиімділік (нәтижелердің қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі); * сандық қамту (тартылған еріктілер саны);
* одан әрі даму мүмкіндігі;
* серіктестерді тарту;
* еріктілермен жұмыс істеуге шығармашылық көзқарас.
Начало формы
Конец формы