І. Жалпы ереже
1.1. Осы Ереже Нұра ОКЖ ауылдық кітапханалары арасында “Кітапханашының өмірінен бір күн” бейнероликтер байқауының өткізу тәртібін және конкурсқа қатысу шарттарын, сонымен қатар конкурсқа қатысу үшін ұсынылған жұмыстарды бағалау критерилерін анықтайды.
1.2. Байқауды ұйымдастырушы – Нұра ОКЖ аудандық орталық кітапханасы.
1.3. Конкурсты өткізу, оның қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау үшін конкурстың қазылар алқасы құрылады.
ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Байқаудың мақсаты – кітапхананы әлеуметтік институт ретінде дәріптеу; кітапханашы мамандығының кәсіби имиджін қалыптастыру.
- Байқаудың міндеттері:
- Оқырмандардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының назарын кітапханалардың қызметіне және кітапханашы мамандығына аудару.
- Кітапханалардың қоғамдағы беделін арттыру және насихаттау;
- Ауылдық кітапхананың оң имиджін қалыптастыру;
- Талантты және креативті кітапханашыларды анықтау және қолдау.
ІІІ. Байқаудың шарттары:
3.1. Байқауға Нұра ОКЖ ауылдық филиалдарының барлық кітапханашылары қатысады.
3.2. Конкурсқа қатысудың негізі толтырылған ұсыным (Қосымша 1) бойынша nura70@mail.ru аудандық кітапхананың эл.поштасына Кітапханашының өмірінен бір күн атауымен қабылданады.
3.3. Байқауға қатысушылардың жұмыстары кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде # Кітапханашыныңөміріненбіркүн хештегімен жарияланады.
3.4. Байқауға кітапханашы туралы бейнероликтер қабылданады. Ролик келесі ақпаратты қамтуы тиіс: кітапханашының аты-жөні, кітапханашы мамандығын таңдау себептері, жетістіктері, жүзеге асырылған жобалар, күнделікті жұмыстың бейнесі.
3.5. Бейнероликтер avi, mpeg4 форматтарында қабылданады. Уақыты 7-10 минуттан аспауы қажет.
3.6. Конкурстық жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар:
– Конкурсқа қатысуға ұсыным (Қосымша 1);
– Конкурстық жұмыстар қойылған талаптарға сай болуы тиіс;
– Авторлық стиль және тіл мәдениеті;
– Ақпараттылық;
– Бейнематериалда міндетті түрде кітапханашының күнделікті жұмысынан түсірілген видео болуы қажет.
– Бейнеэффектілері мен дыбыстық немесе музыкалық сүйемелдеудің болуы;
– Жалпы эмоционалды қабылдау;
– Конкурстық жұмыстардың позитивтілігі және шығармашылығы (жаңашыл идеялар, өзіндік ерекшелік, ойлау икемділігі).
IV. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
4.1. Байқауды өткізу мерзімі – 29.09.2022 жылы – 19.10.2022 жыл. Жұмыстар 2022 жылдың 17 қазанына дейін қабылданады.
4.2. Конкурс жеңімпаздарын хабарландыру ағымдағы жылдың 21 қазанында аудандық орталық кітапханада кітапханашылар күнін мерекелеу аясында өтеді.
4.3. Байқаудың қазылар алқасы.
4.4. Қазылар алқасының құрамына Нұра ауданының мәдениет және тілдер бөлімінің өкілдері, ОКЖ басшылығы мен жетекші қызметкерлері кіреді.
4.5. Байқаудың қазылар алқасы әр номинацияда І, ІІ, ІІІ орындар жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды, кейін нәтижелерін көпшілікке жариялайды және кітапхана қызметкерлерін марапаттайды.