Өлкетанулық құжаттарды цифрлау

Ұсыныстар
2006 жылдан Нұра ОКЖ кітапханасында өлкетану ақпаратына еркін қол жеткізу, мәтіндермен толық функционалды жұмыс істеу мүмкіндігін алу, құжаттамалық өлкетану мұрасы мен оны таратуды сақтау мақсаттарымен өлкетану құжаттарын цифрлап, “Өлкетану” ЭК бекіту басталған болатын.
Осы бағытта ақпараттық-библиографиялық сектордың және АОК автоматтандыру секторының қызметкерлері, сонымен қоса Изенді, Ақмешіт, Тассуат, Кертінді, К. Мыңбаев атындағы ауыл және Көбетей ауылдарының модельді кітапханаларының қызметкерлері жұмыс жасайды. Құжаттардың цифрлануы Қарағанды облысы кітапханаларының өлкетанулық құжаттар қорының сақталуы жобасы шеңберінде өтеді. Қазіргі уақытта ОКЖ-да барлығы 1141 құжат, 2261 бет, оның 118 – өте сирек кездесетін фотосуреттер цифрланған, электронды каталогқа 914 құжат бекітілген. Аудан тарихы деген тақырыпты АОК ашады.Ауыл тарихы деген бағытта Изенді, Тассуат, Кертінді, Көбетей ауылдары жұмыс жасайды. Атақты нұралықтар – жазушы С.Талжановқа және ғалым К.Мыңбаевқа арналған әдебиеттерді цифрлаумен атақтылардың туған жерлері, Ақмешіт пен К. Мыңбаев атындағы ауылдардың кітапханалары айналысады. Қорды цифрлаудың сұрыптау белгілері – құжаттың сирек ұшырайтындығы, жалғыз ғана данасының болуы, басылым жылының ескілігі, тозған болуы. Дереккөздеріне: жергілікті мерзімдік және республикалық басылымдардың мақалалары, өлкетану тақырыбы бойынша сериялы басылымдар, монографиялар, жинақтар жатады. Жерлесіміз К.Мыңбаевтың селекция мәселелері жөніндегі Алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылық ғылымы үшін жұмыстар жинағы сандық форматқа ауыстырылған. Цифрланған кітап көлемі 490 беттен тұрады. Кәрім Мыңбаев (1906-1948) – биолог-ғалым, қоғам қайраткері, биологиялық ғылымдар докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдарының академиясының қазақстандық бірінші академик, өсімдік шаруашылығындағы көптеген бағыттарды алғаш ашушы, соның ішіне көксағыз да жатады. 1938 жылдың 30 қыркүйегінде К.Мыңбаев Қазақстанда бір топ ғалымдармен авиаапатта қайтыс болады. Оның өлімінен кейін 1949 жылы Алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылық ғылымы үшін жинағы жарияланады. Оның шығармашылығында 200-ден астам ғылыми жұмыс пен 3 монография бар. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң негізінде 2013 жылдың басында жергілікті ақын Көбетей ауылының тумасы Арман мен Азап, Қилы кезеңдер, Қуан қазақ азаттық алғаныңа кітаптарының авторы Махмет Теміровтің 3 кітабын цифрландыруға шарт жасалған. 2013 жылы Махмет Теміров 90-ға келді. 2012 жылдың соңында 45 жылдық әдеби қызметі бар, әңгімелерден басқа очерктері, фельетондары, әзілдері, басты орында тұрған – өлеңдері, ал қаламгерлік қызметінің нәтижесінде – Шабыт тамшылары атты жинағы шыққан Виталий Туляковпен кітапты цифрлауға шарт жасалды.
Құжаттарды цифрлық форматқа аудару модельді кітапханаларға арнап 2006 жылы Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК арқасында, облыстық мәдениет департаментінің қаржылық көмегінің нәтижесінде сатып алынған ABBYY FineReader 8.0 Professional Edition бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылды.
ABBYYFineReader8.0ProfessionalEdition бағдарламасында құжатты сканерлеу

Келешектен күтетініміз:

  • Нұра ауданының өлкетану материалдарын сақтау мәселесі ішінара шешілетін болады.

Өлкетанулық материалдардың цифрланған қоры біздің өлкеміздің мәдениет мұрасына оқырмандар ғана емес, әрбір ғаламтор пайдаланушысы оңай қол жеткізе алатындай етіп жасалады.