2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Оскаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 137 шешімі. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімде 2012 жылғы 26 желтоқсанда № 2069 болып тіркелген

2013-2015 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2013 – 2015 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6

қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1)кірістер – 3573 960 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 533144 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 4488 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша -4500 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 3031828 мың теңге;
2) шығындар -3573 960 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 23 070 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 33754 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10684 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 23070 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 23070 мың теңге:
қарыздар түсімдері – 33754 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10684 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге;

  1. 2013 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық және облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  2. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін субвенциялардың мөлшері 2105398 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2013 жылға арналған аудандық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
  4. жеке табыс салығы бойынша -50 пайыздан;
  5. әлеуметтік салық бойынша – 70 пайыздан.
  6. 2013 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорттың ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерінің осындай қызмет түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақылары мен мөлшерлемелерімен салыстырғанда лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін жиырма бес пайызға арттыру белгіленсін.
  7. Осакаров ауданы әкімдігінің 2013 жылға арналған резерві 10842 мың теңге сомасында бекітілсін.
  8. Аудандық бюджетте кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтері әкімдерінің аппараттары бойынша шығыстар 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  9. 2013 жылға арналған аудандық бюджетті атқару үдерісінде секвестерлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  10. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
А.Цебер

Аудандық мәслихаттың хатшысы
К.Саккулаков