2013 жыл

Бір ел – бір кітап акциясы – 2013

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен елімізде 2007 жылдан бері Бір ел – бір кітап акциясы өткізіліп келеді. Биылғы 2013 жылы барша оқырман қауым бірлесіп оқуы үшін Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың Дауа атты лирикалық жыр жинағы ұсынылып отыр.
Поэзия падишасы атты әдеби кеш орталық кітапхананың оқу залында өткізілді. Кеш барысында кітапханашылар екі тілде Фариза Оңғарсынованы Қазақстанның ең үздік оқылатын авторларының бірі ретінде таныстырды. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы – махаббат, жақсылық пен зұлымдық, ерлік пен ездік, ал көптеген өлеңдері өзі туылған ауылына, өзінің жерлестеріне және барлық қазақстандықтарға арналатынын айтты. Сонымен қатар ақынның өлеңдері өз ұлтын, оның дәстүрін, мәдениетін сыйлап қастерлеуге үндейтінін жеткізді. Шабыт әдеби өмір клубының мүшелері Ережеева Ақтоты, Аубакирова Мерей, Самат Жансұлу ақынның Сырласу немесе ана рухымен әңгіме, Оюлар, О, менің өкініштерім! т.б. өлендерін оқыды.
Ақынның жарқыраған жыр жолдары-Её стихи блистают совершенством атты слайд-әңгіме ОК-да және № 32,25,19 филиалдарында өтті.
.№2,18,23,30,6,14 филиалдарында: Стихи не стареют – стареют поэты, Жыр падишасы – Фариза, Далам менің қазынам деп аталынған поэзия кеші өткізілді. Осы тақырыптарда кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітапханашылар оқырмандарды ақынның шығармашылығымен таныстырды. Кешке қатысқан белсенді оқырмандар ақынның: О,туған жер, Дала – менің қазынам, жыр сандығым, Туған ауыл Ожидание солнца, Тревоги, Лучам утренней зари, Диалоги влюбленных, Эхо войны, Мой дом. Моя Родина т.б. өлеңдерін оқыды.
Фариза Оңғарсынваның өлеңдерін оқимыз атты сайыс № 4 № 15 филиалдарында өтті.
Осы өткізілген шаралардың мақсаты: оқырмандарды Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстырып, поэзияға деген сүйіспеншіліктрін ояту.