2015 жыл

Бір ел – бір кітап – 2015 акциясы


Қазақстанда Бір ел – бір кітап республикалық акциясы еліміздің оқырмандарындарына танымал, олар ұсынылған шығармаларды сүйсіне оқиды, авторлардың өмірбаяндары мен шығармашылық жолдарын оқып біледі және барлық ел оқитын, зерттейтін, талқылайтын Ұйымдастыру комитетінің қазақ әдебиетінің жаңа туындысы туралы шешімін асығыстықпен күткен. Акция 2007 жылдан бастап ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауындағы Ұлттық академиялық кітапхана мен ҚР Кітапханалық ассоциациясының бастамасымен жүргізілуде.
Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын оқып білуде зерттеу қызығушылығын дамыту, соған қоса өсіп келе жатқан ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына жағдай жасау.
2015 жылы ҚР Ұлттық кітапханасы Бір ел – бір кітап акциясының бастауын жариялады. 2015 жылғы жалпыға оқуға ұсынылған бас кітап – Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер роман-трилогиясы болды.
Осы жылы атақты тарихи шығармалардың авторы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл және Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл тойланбақшы. Алмас қылыш, Көшпенділер, Алтын Орда – міне осылар оның тарихи шығармаларының толық емес тізімі. Ілияс Есенберлин Целиноград облысының Атбасар қаласында туған. Жас шағында металлург болуды армандаған. Оның арманы орындалған. Ол 1940 жылы Қазақ тау-кен-металлургиялық институтты бітірген, бірақ соғыс басталып ол майданға аттанып кеткен. Соғыста жүрген кезінде жаза бастаған. 1945 жылдан бастап оның шағын өлеңдер мен поэма жинақтары жарыққа шыға бастаған. Оның музыкаға аударылған көптеген өлеңдері радио мен эстрададан тыңдалған. Жаңа бастап жүрген жазушы өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін драматургияда да пайдаланған. 10 жыл ішінде 8 роман басып шығарған. Бұл автордың жазушылық дарынын жоғары екендігін дәлелдейді.
АОК, ауылдық кітапханалар ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарын кітап көрмелері мен ашық қарауларда ұсынылған кітаптармен танысуға, библиографиялық шолулар мен әдеби пікірталастарға, кештерге, оқырмандық үйірмелерге және т.б. Ілияс Есенберлиннің шығармалары бойынша Бір ел – бір кітап акциясына орай өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады