
Қазақстанда Бір ел – бір кітап Республикалық акциясы басталды.
Жыл сайын аталмыш акция аясында еліміздің барлық кітапхана бұрыштарында акция туралы ақпараттар және таңдалған кітаптар мен олардың авторлары туралы мәліметтер берілетін көптеген іс-шаралар, кітап көрмелері өткізіліп отырады, сонымен қатар, оқырмандарға Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары ұсынылады.
Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы болып жарияланды. Осыған орай, Бір ел – бір кітап Республикалық акциясы еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап тақырыбындағы акция аясында, жалпыұлттық оқуға арналған көрнекті қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драма, балалар әдебиеті және аудармалар жанрындағы үздік 30 шығармалары таңдалды.
Поэзия: Мұқағали Мақатаев Өмір дастан, Жұмекен Нәжімеденов Менің Қазақстаным, Ұлықбек Есдәулет Киіз кітап, Серік Ақсұңқарұлы Көкейімде Күлтегіннің жазуы, Тақтарали Таңжарық Түн парақтары, Бақытжан Қанапьянов Достояние души.
Проза: Тынымбай Нұрмағамбетов Періште өлімі, Тобық Жармағамбетов Отамалы, Сәуле Досжан Қасірет пен тағдыр, Юрий Серебрянский Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет, Дәурен Қуат Бөрісоқпақ, Тұрысбек Сәукетай Желқайық.
Драмалық: Рахымжан Отарбаев Айна ғұмыр, Дулат Исабеков Жеті желкен, Мәдина Омарова Көмбе нанның дәмі, Иран-Ғайып Қорқыттың көрі, Думан Рамазан Пешене, Сая Қасымбек Жанталас.
Балалар әдебиеті: Ыбырай Алтынсарин Өнер-білім бар жұрттар, Бердібек Соқпақбаев Жекпе-жек, Марат Қабанбаев Жиһангез Тити, Толымбек Әбдірайым Алабұға аулаған күн, Зира Наурызбаева, Лиля Калаус Алтын тостағанды іздеу, Мәди Айымбетов Бар болғаны он төрт жас.
Аудармалар: Юсупов Кеңес /Габриель Гарсиа Маркес Жүз жылдық жалғыздық, Адетов Бекболат / Эрих Мария Ремарк Аманат өмір, Ахметов Әділ /Агата Кристи Ғайып болған миллион, Меллат Төлеген/ Халид Хусейн Жарқыраған мың күн, Мазен Динара/ Ж.К. Роулинг Хәрри Поттер мен жасырын бөлме, Құрметұлы Амангелді/ Орхан Памук Менің атым – Қырмызы.
Құрметті пайдаланушылар!
Орталық аудандық кітапхана, кітапхана-филиалдары сіздерді, акцияның шығармаларымен танысуға шақырады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап көрмесінде және Нұра ОКЖ қорынан поэзия, проза, драма, балалар әдебиеті және аудармалар жанры аясында, таңдалған авторлардың шығармалары және осы авторлардың түрлі жылдары жарық көрген өзге де шығармалары ұсынылды.