15 ақпан күні Бүркіт Ысқақұлы атындағы орталық кітапханасы Кеңес дәуірінің кереғар саясатының салдарынан тарих бетінде қалдырған Ауғанстан соғысының аяқталғанына 35 жылдығына кездесу кеші өткізілді.

Іс-шараға Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында Ауғанның асуында от кешкендер атты кітап көрмесімен танысты. Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, өз Отанын шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.