Кертінді үлгілі ауылдық кітапханасында Ауған соғысының ардагерлеріне мың тағзым атты ауған соғысының ардагері Еркін Әлімжанұлымен кездесу кеші өтті. Кеш барысында кітапханашылар Бағдат Көшмағанбетқызы және Аягүл Ералықызы Ауған соғысының жаңғырығы атты кітап көрмесімен таныстырды.
Мақсаты: Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагермен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеу.