29 ақпан күні аудандық балалар кітапханасында Алғыс айту – ең асыл сөз танымдық алғыс марафоны өтті. Іс-шараны кітапханашылар Д.А.Халиева мен Г.Ж. Ахметбекова өткізді. Аталған іс-шараға М.Жұмабаев атындағы ЖББМ-нің 4 сынып оқушылары қатысты. Іс-шарада балалар әр елдің тілінде алғыс білдірді, сондай-ақ ата-аналарына, ата-әжелеріне, туыстарына, мұғалімдеріне достық, бейбітшілік туралы мақал-мәтелдер айтылды. Кітапханашылар тәттілерді табыстап, қатысушыларға алғыстарын білдірді.