«Наурыз-көктемнің туған күн!» ойын-сауық кеші

Аудандық балалар кітапханасында Наурыз-көктемнің туған күн! атты ойын-сауық кешінен үзінді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлеріне тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, отансүйгіштікке, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, кітапхана оқырмандарының танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Кітапханашылар балаларға ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар және ұлттық тағамдар туралы айтып берді. Содан кейін іс-шараға қатысушылар ұлттық ойындар мен байқауларға белсене қатысты. Ұлттық ойындар : Асық ату, Сақина салу, Көтермек, Арқан тартыс ойнатылып, балалар белсенді қатысты. Қатысушылар үшін Тілек Кәусәр Дастархан әнін шырқап, Алина Айым Жастар күйін шертіп, Дәуренбеков Бауыржан Жарапазан тұрмыс-салт жырын орындады. Жарапазанның негізгі мақсаты —ораза айындаел көңілін көтере жүріп, береке-бірлікке, ізгілікке шақыру.

Мерекелік іс-шараға қатысушылардың назарына Наурызым мерекем -наурызым берекем! атты көрме ұйымдастырылып, көрмеге ұлттық салт-дәстүрге байланысты кітаптар мен қазақтың ұлттық киімдері қойылды.

Соңында балалар мерекелік дастарханнан дәм татып, тәтті базарлық таратылды.