«Б.Соқпақбаевтың балалық шаққа саяхаты» бейнесалон

Аудандық балалар кітапханасында 3 сәуір күні Балалар кітабының апталығы аясында Бір ел – бір кітап акциясы бойынша балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай Б.Соқпақбаевтың балалық шаққа саяхаты атты шығармаларын насихаттау мақсатында бейнесалон өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған шығармалары бойынша білімдерін толықтыру. Кітапханашы Г.Ахметбекова жазушының өмірі, тартқан тауқыметі, атқарған қызметтері мен шығармаларын М.Жұмабаев атындағы мектептің 5 сынып оқушыларын таныстырды. Оқушыларға Менің атым Қожа шығармасы бойынша түсірілген фильмі көрсетілді. Сонымен қатар оқушыларға Quiz платформасы арқылы сұрақтар қойылып, белсенділік танытқандарға шағын сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңынан оқушылар кітапханаға жазылып, жазушының шығармаларын оқуға алды.