«АДАМ – ПЛАНЕТА» пост-портреті

Заречная ауылдық кітапханасы әлеуметтік желілердегі өз парақшасында көрнекті ғалым-геолог, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның геология ғылымдары және металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған пост-портретін жариялады.

Мақсаты: кең аудиторияны Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстыру, қазақ халқының ұлы ғалымдар үшін мақтаныш сезім ояту.