«Кітап – сарқылмас, рухани қазына!» тақырыбында «КІТАПшоу – 2024» фестивалі

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Б.Ысқақұлы ат. аудандық орталық кітапханада Кітап – сарқылмас, рухани қазына! тақырыбында КІТАПшоу – 2024 фестивалі өткізілді. Іс-шара қонақтарының назарына қызыққа толы шаралар әзірленіп, жаңа кітаптар көрмесіне шолу жасалды.

Қатысушылар Баспа немесе электронды кітап? тақырыбында пікірталасқа қатысып, белсенділік көрсетті. Мектеп оқушылары Кәрім Мыңбаев ауылының үлгілі ауылдық кітапханасы ұйымдастырған алаңда, жерлес ақын Виталий Туляковтың поэзиясының шексіз әлеміне еніп, ақынның өлеңдерін оқуға және Изенді үлгілі ауылдық кітапханасы дайындаған Тапқырлар алаңында зияткерлік ойынына қатысты.