Қазақстан Халқының Бірлігі күні қарсаңында аудандық балалар кітапханасы "Менің туған үйім – Қазақстан" этнокруизін өткізді. Бұл іс-шараның қонақтары Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 2 "Б" сынып оқушылары болды..
Іс-шараның мақсаты: балаларда әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды тәрбиелеу, ұлтаралық және этносаралық қатынастар мәдениетін арттыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Этнокруиз барысында балалар Қазақстанның көп ұлттылығы туралы; халықтар арасындағы достық туралы білді; әртүрлі ұлттарды сипаттайтын жұмбақтар шешті; қатысушылармен Қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнады; "Қазақстан – бірлік пен бейбітшіліктің отаны" атты кітап көрмесімен танысты.
Этнокруиз аяқталғаннан кейін балалар кітапханаға белсенді жазылды.