Кітапханалық квилт «Адалдық пен әділдік туралы»

Аудандық балалар кітапханасында Адалдық пен әділдік туралы кітапханалық квилт өтті.

Балалармен танымдық әңгіме өткізілді. Квилт қатысушыларына түрлі-түсті стикерлерге олар үшін адалдық пен әділдік нені білдіретіндігі туралы жазу ұсынылды, әр қатысушы өз пікірін білдірді.

Мақсаты: балалардың өзін, іс-әрекеттері мен мінез-құлқын түсінуге деген ұмтылысын дамыту, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, жауапкершілік пен әдептілікті қалыптастыру.