«Ата Заң – азат елдің ар-намысы» тақырыптық кеш

Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханашысы Конституция күніне орай ауыл белсенділері, Мәдениет үйінің қызметкерлері және С.О.Талжанов атындағы ЖББМ – нің бастауыш сынып оқушыларымен Ата Заң – Азат елдің, Ар – намысы атты тақырыптық кеш өткізіліп, Ұлық тұтар – Ұлы заң атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.