Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы мен С.О.Талжанов атындағы ЖББМ-нің кітапханашысы және бастауыш сынып оқушыларымен Тілдер күніне орай Ана тілің – арың бұл атты мәнерлеп оқу сағаты өткізіліп, осы күнге тұспа-тұс келген мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 152 жыл толуына орай Ахмет Байтұрсынов – хх ғасырдың ұлы тұлғасы атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.