Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасышы C.О:Талжанов атындағы ЖББМ- нің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен Мұражай – тарих айнасы атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Өлке тарихы мен мәдениет ордасындағы баға жетпес тарихы қазыналар мен жәдігерлерді талдап қарастыру. Мұражайдың экспозициялық, ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық қызметіне тоқталу.