Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханашысы ауыл әкімінің қатысуымен ауылымыздың отбасыларын шақырып Дәстүрге берік отбасы атты танымдық сағат ұйымдастырды.
Мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту. отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу.