«Тілге құрмет, елге құрмет!» танымдық сағат

Аудандық балалар кітапханасында Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебімен бірлесіп Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған Тілге құрмет, елге құрмет! атты танымдық сағат болып өтті.

Мақсаты: халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру.

Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 б сынып оқушылары оқытушы Төлеген Көңілжанның жетекшілігімен А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен қысқаша танысты. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы бейне фильм көрді. Wordwall форматында онлайн-викторина белсенді өткізілді.

Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімі, педагогикалық еңбек ардагері Жикина Татьяна Владимировна шақырылды. Ол таңдаған өмір жолы, мұғалім мамандығы туралы оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Еңбек жолындағы жеткен жетістіктері мен қиындықтарын сүйіспеншілікпен және жылулықпен еске алды.

Соңында қатысушылар Ахмет Байтұрсынов – Ұлт ұстазы атты тақырыптық әдебиеттермен танысты.