5 қарашада аудандық балалар кітапханасында 10-15 жас аралығындағы балаларға арналған аудандық комикстер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқау қазақстандық балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында ұйымдастырылды.
Бұл іс – шараның негізгі мақсаты – балалардың қазақстандық авторлардың шығармашылығына деген қызығушылығын ояту, кітаптар мен оқуды насихаттауға жәрдемдесу, сондай-ақ олардың шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту.
Байқауға аудан ауылдарынан17 жұмыс ұсынылды: Алғабас, Ахметауыл, Қарой, Қайнар, Ақмешіт, К. Мыңбаева, Көбетей, Байтуған, Жараспай және Шұбаркөл кенті.
Жұмыстарды бағалауды құзыретті қазылар алқасы жүргізді.
Нәтижесінде келесі қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды:
"Гран-при" – Жамбүршы Ерасыл, Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы;
І орын-Есенжол Мәлік, Рахым Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы;
ІІ орын – Сағымбаев Жалғас, Жараспай жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
III орын – Тоқтарбек Жалын, Рахым Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы.
Байқаудың барлық жүлдегерлері қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Іс-шара барысында М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Тилек Кәусәр орындаған музыкалық нөмір ерекше көңіл-күй сыйлады