“Менің тәуелсіз Қазақстаным” кітап көрмесі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Заречный ауылдық кітапханасында "Менің тәуелсіз Қазақстаным" атты кітап көрмесі рәсімделді.

Ұсынылған кітаптарда ел тарихы, мемлекеттілігіміздің даму кезеңдері, аса маңызды оқиғалар көрсетілген.

Сондай-ақ, жас ұрпақтың бойында патриоттық және азаматтық сезімдерді тәрбиелейтін, тәуелсіздік құндылықтары туралы хабардар ететін балалар әдебиеті ұсынылады.