«Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы»

Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық балалар кітапханасында Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебінің (Ресурстық орталық) 5 сынып оқушылары қатысқан Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы атты тарихи сағат өтті.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерді қалыптастыру.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан тәуелсіздігі тарихымен танысып, қазіргі Қазақстан Тәуелсіздігінің маңыздылығын атап өткен Тәуелсіз Қазақстан бейнепрезентациясын тамашалады. Іс-шара барысында Тәуелсіздік рәміздері танымдық сөзжұмбақ ойыны ұйымдастырылды, сөзжұмбақтың шешімін табудың әрбір қадамы ойын-сауық емес, қатысушылар үшін шағын тарих сабағына айналды. Тарихи сағатты М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Төлен Бауыржанның орындауындағы Адал күйі жандандырды. Соңында "Тәуелсіздік – елімнің ер жолы"атты кітап көрмесіне шолу жасалды. https://www.instagram.com/p/DDeiMfZyf3c/?igsh=dWd3cTJvYTFtYTBn