Үстел ойындарын ойнау аудандық балалар кітапханасында Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебі (Ресурстық орталығы) мектебі жанындағы лагерь тәрбиеленушілері үшін осындай атаумен қызықты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты — ойын түрі арқылы оқуға деген қызығушылықты дамыту, балаларда логикалық ойлауды, зейінді және командалық рухты қалыптастыру.
Балалар әдеби лотоны үлкен қуанышпен ойнады, дамытушы және танымдық үстел ойындарымен танысты, жарысты, ойлануға, есте сақтауға және ой жүгіртуге үйренді.
Үстел ойындарын ойнау атты кітап көрмесі ерекше қызығушылық тудырды, онда ойындар, логика, жұмбақтар және көңілді оқыту туралы кітаптар ұсынылды.
Ойнай отырып – оқимыз, жаңа нәрсені білеміз және уақытты пайдалы өткіземіз!
https://www.instagram.com/p/DLHU_1DM6Ui/?igsh=MXA5Z2lwdmo0MTBiMA==