Құрметті оқырмандар! «100 кітап» ұлттық сауалнамасы өз мәресіне жетіп, еліміздің әдебиет сүйер қауымының таңдауы бойынша ең үздік 100 туынды анықталды.

23 сәуір мен 9 тамыз аралығында eGov.kz порталында өткен бұл сауалнамаға 100 мыңнан астам адам қатысып, өздерінің сүйікті шығармаларын ұсынды.