Ақмешіт ауылдық кітапханасы Тілдер күніне орай Ана тілің – арың бұл атты С.О. Талжанов атындағы ЖББМ-нің оқушыларымен танымдық-шығармашылық сайыс ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру. Мемлекеттік тіл – қазақ тіліне деген құрметті арттыру. Тіл мәдениетін сақтауға, таза сөйлеуге тәрбиелеу. Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдерінің тілдеріне құрметпен қарауға үйрету.
Шара тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып, оқушылар арасында ана тілі туралы өлең оқу, мақал-мәтел айту, интеллектуалдық сұрақ-жауап және Полиглот, Сөз мерген атты ойын-сайыстар арқылы өтті.
https://www.instagram.com/reel/DOI2EnNDInl/?igsh=MTZsM2JlbjZtaWZrbA==