Ақмешіт ауылдық кітапханасы Отбасы күніне орай Бір отбасы бір кітап тақырыбында отбасылар арасында отбасымен кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Балалар өз отбасыларымен бірге әдеби кітаптар оқып, оқыған кітаптарын өзара талқылады. Және ауылдық кітапханада Отбасы құндылығы сарқылмас қазына атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрге, тәлім-тәрбиеге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Оқырмандар мен ауыл тұрғындарының отбасылық тәрбие, бірлік пен сыйластық туралы көзқарастарын қалыптастыру. Отбасы туралы әдебиеттермен таныстыру арқылы кітап оқуға қызығушылықты арттыру. Ауыл кітапханасының қоғамдағы рөлін нығайту, оқырманмен байланысын тереңдету.
https://www.instagram.com/reel/DOYLqE1DOw9/?igsh=Yml3bHY3ZXU0ZW43
https://www.facebook.com/share/r/1CRem5E7fV/
https://ok.ru/profile/588719032548/statuses/156990295632100







