Құрметті оқырмандар!

Көрнекті ақын, аудармашы, ғалым, ЕСЕП партиясының негізін қалаушы Бүркіт Ысқақұлының 100 жылдығына арналған республикалық конференция материалдарының жинағы жарыққа шыққанын қуана хабарлаймыз.

Бұл жинақта Бүркіт Ысқақұлының қоғамымыздың дамуына қосқан үлесін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін бірегей зерттеулер, естеліктер мен мақалалар, оның бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпайтын идеялары берілген.

Осы жинақты шығаруға қолдау көрсетіп, белсене атсалысқан Жараспай ЖШС басшысы Қоңырбаев Сейілхан Оспанбайұлына ерекше алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызды осы жинақтағы материалдармен танысуға және Бүркіт Ысқақұлының өмірі мен шығармашылығына зерттеуді жалғастыруға шақырамыз.