«100 кітап – 100 reels» Instagram-шақыру

Қатысуға аудан мектептерінің 5–9 сынып оқушылары мен Instagram қолданушылары шақырылады.

Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 01.10. – 10.12.2025.ж. аралығы.

Қатысу шарттары

Қатысушыға қажет:

Жас ерекшелігіне сай 100 кітап тізімінен кітап таңдап, оқу;

Кітап мазмұнын немесе әсерін бейнелейтін ұзақтығы 30–90 секундтық қысқа бейнеролик (Reels) дайындау;

Роликті жеке Instagram парақшасында немесе тұрғылықты жеріндегі кітапхана парақшасында жариялау;

#100кітап100reelsНұра хэштегін көрсетіп, аудандық балалар кітапханасының nura_detskayabiblioteka парақшасын белгілеу;

Шақыруға қатысу өтінімін (қосымша №1 қараңыз) WhatsApp арқылы 87711934043 нөміріне жіберу.

Байқау ережесімен толығырақ https://nuralib.ful.kz/ танысуға болады.