Байқауға 6 жастан 14 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шақырылады.
Өтетін уақыты: 2025 жылғы 10–30 қазан аралығында
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
· Мен әлемді саламын – сурет (гуашь, акварель, қарындаш, пастель және т.б. кез келген техникада орындалған жұмыстар);
· Ғажайып шеберхана – қолданбалы өнер (қолөнер бұйымдары, аппликациялар, кесте, мүсіндеу және т.б.);
· Әлем менің көзіммен – әдеби шығармашылық (өлеңдер, әңгімелер, эсселер – авторлық шығармалар);
· Цифрлы ертегі – ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып бейнеролик, анимация немесе презентация жасау.
Шығармашылық байқауға қатысу үшін өтінімін (қосымша №1 қараңыз)
WhatsApp арқылы 8 700 989 20 92 нөміріне жіберу қажет.