Қарашаның 6 күні аудандық балалар кітапханасының оқу залында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Шексіз мүмкіндіктер әлемі атты аудандық шығармашылық байқаудың қорытындысы өтті.
Байқаудың мақсаты — ерекше балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, эстетикалық талғамын және рухани дүниесін ашу.
Байқауға Нұра ауданының 19 оқушысы қатысып, қазылар алқасына екі номинация бойынша өздерінің жарқын да бірегей жұмыстарын ұсынды:Мен әлемді саламын (бейнелеу өнері);Ғажайыптар шеберханасы (қолөнер).
Жұмыстар үш жас санаты бойынша бағаланды: 6–8 жас, 9–11 жас, 12–14 жас.
Балалар өздерінің талантын, қиялын және қарапайым нәрселерден сұлулықты көре білу қабілеттерін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал олардың еңбектері кітапхана залында безендірілген Шексіз мүмкіндіктер әлемі көрмесіне қойылды.
Іс-шара жылы әрі қуанышты атмосферада өтті. Балалардың өздеріне сенім ұялатуға және шығармашылықтың жаңа көкжиегін ашуға көмектесіп жүрген ұстаздар мен ата-аналарға алғыс сөздері айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DQtt48riK-E/?igsh=ZGE2MW8zNTZjY2xv