Кертінді ауылдық кітапханасында Өмірге риза болып, алғыс айт атты алғыс айту сағаты болып өтті. Алғыс айту күні – қиын-қыстау кезеңдерде бір-біріне қолдау көрсеткен халықтардың өзара ризашылығын білдіретін, өткенді құрметтеп, бүгінгі бейбіт өмірге шүкіршілік ететін күн. Бұл мереке адамдарды мейірімділікке, сыйластыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді.
Мақсаты: Оқырмандар арасында достық, татулық, бірлік сезімдерін қалыптастыру; Алғыс сөзінің адам өміріндегі рухани құндылық екенін ұғындыру; Кітап арқылы адамгершілік қасиеттерді насихаттау.
https://www.facebook.com/share/v/1Ajqyjh7Zu/
https://www.instagram.com/reel/DVQC-MYDDl_/?igsh=MWl5N2RmY2s5YmJndw
