Кертінді ауылдық балалар кітапханасында Алғыс айту күніне орай Алғыс айту – парызым айдарымен 3-сынып оқушыларымен танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға Алғыс айту күні туралы мәлімет беріліп, сұрақ-жауап арқылы сұхбат ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсінігін кеңейту, ризашылық, рахмет, алғыс ұғымдары туралы мағлұмат беру.


