«Менің Елордам»

Ақмешіт ауылдық кітапханасында еліміздің бас қаласы – Астана күніне орай «Менің Елордам» атты балалардың сурет байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, елордамызға деген сүйіспеншілігін сурет өнері арқылы көрсетуге мүмкіндік беру. Жастарды еліміздің жетістіктерімен таныстырып, рухани-мәдени құндылықтарға баулу.

Байқау барысында балалар өз қиялындағы Астананы қағаз бетіне түсіріп, қаланың көрікті жерлері мен болашақтағы келбетін ерекше шабытпен бейнеледі. Әрбір суреттен жас оқырмандардың елордамызға деген жылы лебізі мен мақтанышы айқын көрініс тапты.

Әлеуметтік медиа жаңалықтары:
https://www.instagram.com/reel/DaR237RMzPG/?igsh=MTQycjQxbHM2bGgyMQ==

https://www.facebook.com/share/r/18oxMYGu5i/

https://ok.ru/clip?owner_id=952873746&clip_id=456239034