Клир Джеймс. Атом әдеттер. Жақсы әдетті үйрен, жаман әдеттен жирен. / Алматы: Мазмұндама баспасы, 2024. – 244 бет.

Атом әдеттер – кішкентай өзгерістердің көлеңкесіндегі алпауыт күш! Өзгерсем деп қанша тырыссаңыз да, қолыңыздан келмеді ме? Өзіңізді кінәламаңыз. Джеймс Клир әдеттер, мотивация және ерік-жігер туралы мифтерді бұзады. Осы кітапта ол ғылыми мәліметтерге, зерттеу нәтижелеріне, жеке тәжірибесіне және табысты адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, жақсы әдетті қалай тез үйреніп, зиянды әдеттердің тамырына балта шабуды қарапайым да түсінікті тілмен түсіндіріп береді.