Қолыңыздағы кітапта жасы сексенді алқымдаған қарт жиырмадағы бозбалаға өмір сүрудің дұрыс формуласын көрген-білгеніне сүйене отырып баяндап береді. Француз классигінің эпистолярлық жанрдағы бұл шығармасы қанаты қатая қоймаған жас буынға өмір жолында бағыт-бағдар болары анық. Әлем оқырмандарына кеңінен таныс бұл шығарма алғаш рет қазақ тіліне аударылып отыр. Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.