Қазақстан Ғылым академиясының корреспонденті, биология ғылымдарының докторы Кәрім Мыңбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Білім дариясын кешкен Кәрім» атты аудандық эссе байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ

1 Жалпы ережелер

 

1.1 Ереже ғалым Кәрім Мыңбаевтың туғанына 120 жылдығына арналған «Білім дариясын кешкен Кәрім» атты аудандық эссе байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру мен өткізудің шарттарын, негіздерін анықтайды.

1.2 Байқауды өткізу туралы осы Ереже мақсаттар мен міндеттерді белгілейді,

байқауды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

1.3. Байқаудың ұйымдастырушысы Б.Ысқақұлы атындағы аудандық орталық кітапхана болып табылады.

1.4. Эссе байқауы қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Байқаудың мақсаты жастар арасында оқырмандық және шығармашылық белсенділікті арттыру болып табылады.

2.2. Әдеби және өлкетану көкжиегін кеңейту.

2.3. Жастарды кіші туған өлке тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеу.

2.4. Өз ойларын көркем безендіру дағдыларын қалыптастыру, жазбаша түрде нақты, сауатты және қысқа жеткізе білу.

 

  1. Қатысушылар

 

4.1. Байқауға 15 және одан жоғары жастағы жастар қатыса алады

 

  1. Байқауды өткізу тәртібі

 

5.1. Байқау 2026 жылдың  15-ші маусымнан 2026 жылдың 15-ші тамызына дейін бір кезеңде өткізіледі.

5.2. Эссе 10-шы тамызға дейін «эссе конкурсы» деген белгімен Сайт: www. nuralib/ful/kz

е-mail:   metodnura@mail.ru  электрондық пошта арқылы жіберіледі.

5.3. Бір қатысушыдан бір ғана эссе жіберілуі тиіс.

5.4. Байқауды өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның құрамына: ұйымдастыру комитетінің төрағасы және сарапшылар кіреді.

5.5. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

–  байқауды өткізу тәртібі мен рәсімін әзірлеу;

–  қатысушыларды конкурс өткізу туралы хабардар ету;

–  конкурстың қазылар алқасының функцияларын жүзеге асыру;

–  конкурс қорытындысы бойынша хаттама дайындау;

–  конкурс қорытындысы бойынша қорытынды шығару;

–  байқау жеңімпаздарын марапаттау.

 

  1. Эссеге қойылатын талаптар

 

6.1. Байқауға ұсынылған эсселер мазмұны мен дизайнына қойылатын келесі талаптарға сәйкес келуі керек:

– байқаудың тақырыбынан ауытқымауы:

– автордың жеке позициясын көрсету;

– автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.

 

6.2. Эссе рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

Конкурстық жұмыс қазақ, орыс тілдерінде орындалуы тиіс.

Жұмыс Word форматында, 1,0 интервал, Times New Roman шрифті, 14 кегль болуы тиіс. Жұмыс көлемі 2 парақтан аспауы керек. Цититалар мен өзгелердің пікірлерін пайдаланған кезде ескертулерде мәлімдеменің көзі көрсетіледі.

 

6.4. Эссенің титулдық парағын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

– білім беру мекемесінің толық атауы;

– тақырыбы;

– автор туралы мәліметтер: Тегі, Аты, Әкесінің аты, оқу орны, жұмыс орны, байланыс телефонының нөмірі, электрондық поштасы;

– консультациялық немесе әдістемелік көмек көрсеткен басшы туралы мәліметтер (егер ондай болса).

6.5. Осы Ереженің талаптарын бұза отырып орындалған эсселерді конкурстың қазылар алқасы қарамауға құқылы.

6.7. 2026 жылдың 10 тамызынан кейін түскен эссе қарастырылмайды.

 

  1. Конкурс қорытындысын шығару

 

7.1. Ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұратын қазылар алқасы эссеге сараптама жүргізеді және 2026 жылдың 12 тамыздан кешіктірмей ең үздік 3-ін таңдайды.

7.2. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

  1. Байқауға қатысушыларды марапаттау рәсімі 2026 жылдың 15-ші тамызында өткізіледі.

 

 

Эссе жазу байқауына қатысуға өтінім

 

№ Мәлімет
1 Қатысушының толық аты-жөні
2 Оқу орны,сыныбы
3 Жұмыс орны, лауазымы
4 Байланыс телефоны
5 Мекенжайы
6 Жетекшінің аты жөні,байланыс телефоны (бар болған жағдайда)

 

Өтінім беру күні_____________________2026 ж.