Конкурс қорытындысы

Аудандық балалар кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Абайды балалар оқиды» оқырмандар байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқауға ауданымыздың Нұра кеңтінен және Изенді, Ақмешіт, Көбетей, Кертінді ауылдарының мектептерінен 6 -14 жас аралығындағы 16 оқушы қатысып, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Қатысушылар көркемсөз оқу шеберлігін, дауыс ырғағын, көрерменге әсер ету қабілетін танытты.

«Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша (6-10 жас аралығы):

І орын – Р.Асубаев ат. ЖББМ 1 сынып оқушысы Тасқынұлы Жайық;

ІІ орын – С.О.Талжанов ат. ЖББМ оқушысы Жамбырбаева Айла:

ІІІ орын – М.Сүлейменов ат. тірек мектебі (ресурстық орталық) 5 сынып оқушысы Октябрьұлы Алпамыс.

«Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша (11-14 жас аралығы):

І орын – Нұра ЖББМ 8 сынып оқушысы Марат Айсана;

ІІ орын – Нұра ЖББМ 7 сынып оқушысы Әбілда Мөлдір;

ІІІ орын – Р.Асубаев ат. ЖББМ 6 сынып оқушысы Тасқын Еділ.

Сонымен қатар Нұра ЖББМ 7 сынып оқушысы Қабдолла Айзере «Қара сөз – дана сөз» наминациясына қатысып, Абайдың «Бірінші қара сөзін» мәнерлеп оқыды, ал Ш.Уалиханов ат. ЖББМ 3 сынып оқушысы Ткаченко Виктория «Мен оқыған Абай» номинациясы бойынша, Абайдың «Жаз» өлеңіне буктрейлер дайындап, өз шығармашылығын көпшілік назарына ұсынды.

Қатысушылар дипломмен, сертификатпен  және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесі байып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігі арта түсетіні сөзсіз.