«Кітап оқитын ұлт»

24 қыркүйек Ақмешіт ауылдық кітапханасы жас оқырмандарды кітап оқуға баулу және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында ауыл белсенділерімен және мемлекеттік қыметшілермен, С.О.Талжанов атындағы ЖББМ- нің оқушыларымен «Кітап оқитын ұлт» марафонының «Кітап оқитын зияткер», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші», «Кітап оқитын мектеп» бағыттары бойынша кездесу өткізілді.

Кездесуге 15 оқырман қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға жалпы жоба туралы түсіндірулер, қатысу шарттары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Соңында кітапхана қорындағы ең танымал шығармалар тізімі ұсынылды.

https://www.instagram.com/reel/DdqGnvAMIGR/?stkn=NXFqeGUxbzdiazhx

https://www.facebook.com/share/r/1F8symSxeN/

https://ok.ru/clip?owner_id=952873746&clip_id=456239043