АБК 2026 жылға арналған жаңа кітаптар

Байғабылұлы, Қ.

Алаш қонған ақбоз үй: шығармалары мен естеліктер жинағы./ Қ.Байғабайұлы (1896-1939) ); құраст.: Ә. Байбол, Е.Біләл, С.Айыпжан. – Алматы: Qұт баласы ҚҚ, 2024. – 360 б. – (Алаш кітапханасы).

Бұл кітапқа ХХ ғасыр басындағы қазақтың оқыған азаматтарының бірі, Алаш қайраткері, ағартушы, әнші Қапез Байғабылұлының шығармалары және оның тұлғаасына қатысты архив құжаттары, әр жылдары жазылған естеліктер, ғалымдардың зерттеулері, мақалалары топтастырылған. Кітап Алаш тарихына ынтызар оқырман қауымға арналған.

Байтасұлы, А.

Көркем әдебиет туралы. Төл еңбегі мен көсемсөздер жинағы./ құраст. Ұ. Сәйдірахманұлы.- Нұр-Сұлтан: Qуг bаlаsу ҚҚ, 2021. – 240 бет. – (Алаш кітапханасы).

Бұл жинаққа репрессия құрбаны, ағартушы, ұстаз әрі журналист Абдолла Байтасұлының еңбектері енгізілген. Ұлттық білім берегу ісінің дамуына үлес қосқан қаламгердің төл кітабы мен көсемсөздері топтастырылған. Кітап Алаш қайраткерінің шығармашылық мұрасымен таныстырады.

Бірімжан, Ғ.

Келешектің түрленуі. – өңделіп, толықтырылған 2-басылым. / Ғ. Бірімжан (1896–1938); құраст.: Д. Иксан. – Алматы: Qұт баласы ҚҚ, 2024. – 360 б. – (Алаш кітапханасы).

Алаш қайраткері, публицист, агроном Ғазымбек Бірімжанның бұл жинағына оның қоғамдық-саяси қызметі, ғылыми мұрасы, публицистикалық еңбектері мен сирек құжаттары енгізілген. Кітапта тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер мен естеліктер де топтастырылған. Басылым Алаш тарихына қызығатын оқырмандарға арналған.

 

 

Қадырбай, С.
Ақы заңы: шығармалар жинағы /С.Қадырбай (1885–1938) ; құраст. Е. Тоқтарбай. – Астана :Qyr balasy, 2023. – 406 б.: сур. – (Алаш кітапханасы).

Көрнекті Алаш қайраткері, заңгер-ғалым, аудармашы, публицист Сейдәзім Құлмағамбетұлы Қадырбайдың «Ақы заңы» кітабына кейінгі жылдары табылған еңбектері мен архив құжаттары жинақталды.
Кітап ұлт тарихына ынтызар оқырман қауымға арналған.

 

Манай, Н.

Иман – Ислам: шығармалар жинағы. / Н.Манай (1894–1938); құраст. Е.Біләл. – Алматы: Qұт баласы ҚҚ, 2024. – 304 б.- (Алаш кітапханасы).

Бұл кітапқа ХХ ғасыр басындағы қазақтың оқыған азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, әдебиетші, аудармашы, публицист, драматург Нұғыман Манайдың шығармалары және оның тұлғасына қатысты архив құжаттары топтастырылған.

Кітап Алаш тарихына ынтызар оқырман қауымға арналған.

 

Бейбіт:Қазақтың көрнекті жазушысы, тарихшы-ғалым. Бейбіт Қойшыбаевтың қайраткерлік-қаламгерлігі мен шығармашылығы туралы портреттік мақалалар / құраст. Р. Уәлиханқызы. – Алматы: АТА Creative Нub баспасы. 2025.- 200 б. – (Балалар әдебиетінің бағбандары).

 

Кітапқа Қазақстанның Құрметті жазушысы, көрнекті сөз зергері, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаевтың қайраткерлік-қаламгерлік қасиеті мен әдеби шығармашылығына қатысты әр жылдары жазылған портреттік мақалалар топтастырылған. Сондай-ақ, жазушының азаматтық көзқарасы мен ұстанымын айқындайтын сұхбаттары да қамтылды.

Бұл ұсынылып отырған еңбек түрлі деңгейдегі ізденушілерге, жалпы әдебиетсүйер қауымға арналған.

 

 

Бейсебай: Көрнекті балалар қаламгері, ақын, жазушы-сатирик, көсемсөзші, Бейсебай Кірісбайұлының әдеби-көркем мұрасы жайындағы портреттік мақалалар мен естеліктер / құраст.: С. Әлдибайұлы, Ә. Байбол. – Алматы: АТА Creative Нub баспасы, 2025.- 136 б.

 

Кітапқа қазақ балалар әдебиетінің ірі өкілі, сатирик-жазушысы, ақын, көсемсөзші Бейсебай Кирюбайулының шығармашылығына қатысты әр жылдары жазылған портреттік мақалар мен естеліктер топтастырылған. Жинақта өскелең ұрпақ өнеге аларлық дүние көп.

Аталған кітап әдебиетсүйер қауымға арналған.

 

 

Нұрдәулет: Қазақстанның көрнекті жазушысы, әдебиеттанушы-ғалым Нұрдәулет Ақыштың шығармашылығы туралы портреттік мақалалар / құраст.: Жанатгүл Саметова, Әлібек Байбол. – Алматы: ATA Creative Hub баспасы, 2025.– 336 б.– (Балалар әдебиетінің бағбандары).

 

Кітапқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал жазушы, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Бабиханұлы Ақыштың шығармашылығына қатысты әр жылдары жазылған рецензиялар, портреттік мақалалар топтастырылған. Жинақпен танысып шыққан оқырман қаламгерге қатысты біраз деректерге қанығып, оның шығармашылығы жайында жеткілікті мағлұмат алады.

Бұл ұсынылып отырған еңбек түрлі деңгейдегі ізденушілерге, жалпы әдебиетсүйер қауымға арналған.

 

 

Серікбай: Қазақтың көрнекті балалар ақыны, ғалым, ыбырайтанушы Серікбай Оспанұлының

қайраткер-қаламгерлік, тұлғалық болмысы туралы мақалалар мен естеліктер / құраст. Д. Ихсан. – Алматы: ATA Creative Hub, 2025. – 175 б.: сур. – (Балалар әдебиетінің бағбандары).

 

Кітапқа қазақ балалар әдебиетінің классигі, белгілі ақын, ғалым Серікбай Оспанұлының тұлғалық, қайраткерлік, ақындық болмысы туралы жазылған мақалалар мен естеліктер енген. Кітапты оқып шыққаннан кейін Тобыл-Торғай өңірінің ірі тұлғасын айқынырақ тани аласыз.
Кітап әдебиетсүйер қауымға арналған.

 

Өтепберген:Қазақтың көрнекті балалар ақыны, заңтанушы, қоғам қайраткері Өтепберген Ақыпбекұлының азаматтық-қайраткерлік, қаламгерлік болмысы туралы естеліктер. /құраст. Е. Тоқтарбай. – Алматы: АТА Creative Нub баспасы, 2025.-216 б.– (Балалар әдебиетінің бағбандары).

 

Кітапқа қазақ балалар әдебиетнің классигі, көрнекті ақын, зерттеуші-ғалым, қоғам қайраткері Өтепберген Ақыпбекұлының азматтық-қаламгерлік болмасы туралы мөлдір де шынайы естеліктер енген. Естеліктерді оқып шыққаннан кейін қазақтың осы бір бағлан азаматын айқынырақ тани аласыз.

Кітап әдебиетсүйер қауымға арналған.

 

 

Тоқаш: Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, майдангер Тоқаш Бердияровтың азаматтық-қаламгерлік болмысы туралы естеліктер / құраст. Б.Шарахымбай. – Алматы: ATA Creative Hub баспасы, 2025. – 216 б. – (Балалар әдебиетінің бағбандары).

 

Бұл кітапта қазақ балалар әдебиетінің классигі, көрнекті ақын, аудармашы Тоқаш Бердияровтың азаматтық-шығармашылық болмысына қатысты М.Әуезов, Р.Бердібаев, М.Байғұт, Т.Медетбек, Қ.Сәрсекев, Е.Раушанов т.б. секілді сөз шеберлерінің естеліктері мен зерттеулері топтастырылған.

Көзі тірісінде-ақ «тосын Тоқаш» атанған азамат-ақынның шығармалары мен күтпеген жерден басталып, күтпеген жерден аяқталатын мінез ерекшелігі жайлы сыр шертетін бұл еңбек оқырманның сүйіп оқитын кітабына айналады деп ойлаймыз.

 

Акулалар, киттер мен дельфиндер: балаларға арналған энциклопедия.- Алматы: Аруна, 2025.-88 б.-(Қызықты деректер). Акулалар, киттер мен дельфиндер: балаларға арналған энциклопедия.- Алматы: Аруна, 2025.-88 б.-(Қызықты деректер).

«Акулалар, киттер мен дельфиндер» — балаларға арналған танымдық энциклопедия. Кітапта теңіздер мен мұхиттарды мекендейтін акулалар, киттер және дельфиндер туралы қызықты әрі қолжетімді мәліметтер ұсынылған. Оқырман олардың тіршілік ету ортасы, сыртқы ерекшеліктері, мінез-құлқы мен адам үшін маңызы жайлы біледі. Энциклопедия мазмұны айқын иллюстрациялармен толықтырылған, балалардың қызығушылығын арттырып, теңіз жануарлары туралы білімін кеңейтуге бағытталған.

Асанов, Б. — Әжемнің әңгімелері: орта және жағары сынып оқушыларына араналған / Б. Асанов.-Алматы: Тарпанбаева А.Ш., 2025.-160 б. Асанов, Б.
Әжемнің әңгімелері: орта және жағары сынып оқушыларына араналған / Б. Асанов.-Алматы: Тарпанбаева А.Ш., 2025.-160 б.

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық С.А.Шолохов, Халықаралық «Абай» төсбелгілерінің иегері, ақын, Болат Асановтың есімі жыр сүйер қауымға жақсы таныс.

Ол ересектермен қатар балларға да арналған өлеңдерімен ерекшеленеді.

«Ең әдемі құс қайсы» атты балаларға да арналған жыр жинағы баспасөз беттерінде, әдеби жыл қорытындысына арнайы аталып, жыр сүйер қауымның ықыласына ие болған. Ақынның «Әжемнің етегілері» атты бұл кітабында мектеп оқушылары ұғымына сай тәлім-тәрбиелік, нанымды да танымдық, идеяға бай, әртүрлі тақырыптағы туындылары топтастырылған тілі көркем, жатық та жеңіл. Ойлы да ойнақы жырлары оқырманның рухани серігі.

Ахметұлы, Д. — Қоян жылы: ертегілер. - Алматы: Баспа, 2025. - 592 б. Ахметұлы, Д.
Қоян жылы: ертегілер. – Алматы: Баспа, 2025. – 592 б.

Жеті бөлімнен тұратын бұл жинаққа кірген ертегілердің тақырыбы алуан түрлі. Олар өзіндік бай мазмұнымен, кестелі тілімен ерекшеленеді. Ертегіге тән қызықты оқиға, әдемі ырғақ оқушысын неше алуан ой әуенімен әлдилейді. «Ана» атты ертегіде ананың ұлы бейнесі келісім тапса, «Айдаһар» ертегісінде замананың кейбір озбыр келбеті елес береді. Ертегілерде жаңа заманға тән ерекшеліктер де орын алған. Техникалық үрдіс, электроника жетістіктері оқиғаның мазмұнын арттыра түскен.

Кітаптың тілі шұрайлы, оқиғасы тартымды. Жинақ қалың көпшілікке арналған.

Галактика, шоқжұлдыздар, жұлдыздар: балаларға арналған энциклопедия.- Алматы: Аруна, 2025.-88 б.-( Қызықты деректер). Галактика, шоқжұлдыздар, жұлдыздар: балаларға арналған энциклопедия.- Алматы: Аруна, 2025.-88 б.-( Қызықты деректер).

«Галактика, шоқжұлдыздар, жұлдыздар» — балаларға арналған танымдық энциклопедия. Кітапта ғарыш әлемі туралы қызықты әрі түсінікті мәліметтер берілген: галактикалардың түрлері, жұлдыздардың пайда болуы, шоқжұлдыздардың атауы мен олардың ерекшеліктері баяндалады. Көрнекі иллюстрациялар мен қысқа танымдық деректер балалардың ғарышқа деген қызығушылығын арттырып, астрономия негіздерімен танысуына көмектеседі.

Жақиянова, А. — Бәсіре – жыр:балаларға арналған өлендер мен поэма/ А.Жақиянова.-Алматы: Тарпанбаева А.Ш., 2025.-288 б. Жақиянова, А.
Бәсіре – жыр:балаларға арналған өлендер мен поэма/ А.Жақиянова.-Алматы: Тарпанбаева А.Ш., 2025.-288 б.

«Бәсіре-жыр» – ақынның балаларға арналған екінші кітабы. Кітап өлеңдер мен поэмадан тұрады.

Ақын бала психологиясының қыр-сырын ашуға құрылған өлеңдері мен немерелеріне арналған аналық, әжелік көңілінен шыққан жырларын да топтастырыпты. Жасы оқырманның түсінігіне бейімделіп жазылған тәрбиелік мәні бар өлеңдері тілге жеңіл, ойға қонымды.

Жапон ертегілері / ауд.Ш.Жылқыбаева.-Алматы: Балалар әдебиеті, 2025. - 169 б. Жапон ертегілері / ауд.Ш.Жылқыбаева.-Алматы: Балалар әдебиеті, 2025. – 169 б.

«Жапон ертегілері» — оқырмандарды Жапонияның бай ауыз әдебиеті мұрасымен таныстыратын жинақ. Кітапқа жапон халқының дәстүрлі түсініктерін көрсететін халық ертегілері енгізілген: жақсылық пен жамандық, әділдік, еңбекқорлық және табиғатқа құрмет көрсету туралы. Ш. Жылқыбаеваның аудармасы мәтіндерді балалар мен жасөспірімдер үшін қолжетімді әрі түсінікті етеді. Бұл басылым оқырмандардың көкжиегін кеңейтіп, басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрімен танысуға көмектеседі және отбасылық немесе сыныптан тыс оқу үшін ұсынылады.

Жануарлар: балаларға арналған энциклопедия. – Алматы: Аруна, 2025. – 88 б. – (Қызықты деректер) Жануарлар: балаларға арналған энциклопедия. – Алматы: Аруна, 2025. – 88 б. – (Қызықты деректер)

«Жануарлар» — балаларға арналған танымдық энциклопедия. Кітапта жануарлар әлемі туралы қызықты әрі түсінікті мәліметтер берілген: олардың тіршілік ету ортасы, әдеттері мен ерекшеліктері баяндалады. Мазмұны балалардың жас ерекшелігіне сай, мәтіндері жеңіл оқылады, көрнекі суреттермен толықтырылған. Энциклопедия балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, таным көкжиегін кеңейтуге арналған.

Жеңіс жауынгерлері. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында = Поколение победителей. Казахстан в годы Великой Отечественной войны = Kazakhstan in the yers of the Great Patrioti war... Жеңіс жауынгерлері. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында = Поколение победителей. Казахстан в годы Великой Отечественной войны = Kazakhstan in the yers of the Great Patrioti war [жинақ / құраст. А. Б. Тасбулатов; ауд.: Ә. Аусатов, В. Рослов. – Алматы: Алтын кітап, 2025. – 317б.: фотосурет.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған әсерлі, көркем әрі мазмұнға бай кітап.

Красочная и содержательная книга посвящена 80-летию Победы в Великой Отечественной войне.

Кемал, О. — Әке үйі:роман/ Орхан Кемал; [түрік тіл. ауд. Ж. Мақсұтхан]. — Алматы: Балалар әдебиеті, 2025. —128 б. Кемал, О.
Әке үйі:роман/ Орхан Кемал; [түрік тіл. ауд. Ж. Мақсұтхан]. — Алматы: Балалар әдебиеті, 2025. —128 б.

Түріктің көрнекті жазушысы Орхан Кемалдың ең сүйікті танымал болған кітаптарының бірі «Әке үйі» романы. Бұл жазушының 2 кітаптан тұратын «Кішкене адамның романы» кітабының алғашқысы. Кітапта балалық шақтан бозбалалық жас аралығын ең көркем бейнелеген шығарма.

Назымбетова, Г. — Қазақстан динозаврлары=Dinosaurs of Kazakhstan=Динозавры Казахстана: ғылыми-танымдық кітап. – Алматы: Дәуір, 2025. – 80 б.:сур. Назымбетова, Г.
Қазақстан динозаврлары=Dinosaurs of Kazakhstan=Динозавры Казахстана: ғылыми-танымдық кітап. – Алматы: Дәуір, 2025. – 80 б.:сур.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған ғылыми-танымдық кітап. Кітапта Қазақстан аумағында өмір сүрген динозаврлар туралы қызықты мәліметтер берілген: олардың түрлері, тіршілік ету ортасы, мінез-құлқы және ғылыми зерттеулері. Иллюстрациялар мен түсінікті мәтін оқырмандардың табиғатқа және палеонтологияға деген қызығушылығын арттырып, білім көкжиегін кеңейтеді және танымдық қабілеттерін дамытады. Кітап үш тілде ұсынылған.

Перро, Ш. — Ертегілер/ Ш.Перро, Ағайынды Гриммдер; құрастырушы Ә.Файзуллаұлы. - Алматы: Балауса, 2025. - 240 б. Перро, Ш.
Ертегілер/ Ш.Перро, Ағайынды Гриммдер; құрастырушы Ә.Файзуллаұлы. – Алматы: Балауса, 2025. – 240 б.

Бұл жинаққа әлемге кеңінен танымал Шарль Перро мен Ағайынды Гриммдердің ең көркем ертегілері енгізілген.

Олар ғасырлар бойы балалардың қиялын баурап, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен сатқындықты, еңбекқорлық пен жалқаулықты айқын бейнелер арқылы көрсетіп келеді. Әр ертегіде ғибратты ой, адамгершілікке тәрбиелік тағылым бар.

Жинақ жас оқырманды қиял-ғажайып әлемге жетелеп, мейірім мен әділетке, адалдық пен батылдыққа баулиды.

Тағамдағы минералдар: балаларға арналған энциклопедия / құраст. М.У.Кенжебаева. – Алматы: Дәуір, 2025.- 48 б. Тағамдағы минералдар: балаларға арналған энциклопедия / құраст. М.У.Кенжебаева. – Алматы: Дәуір, 2025.- 48 б.

«Тағамдағы минералдар» – танымдық энциклопедия. Кітаптан минералдар, олардың пайда болуы мен қолданылуы туралы көптеген қызықты жайттарды білуге болады. Тағамдағы минералдар негізінен адам ағзасына қажетті элементтерді түзетеді, олар суреттермен безендіріліп берілген.

Дүйсенбин, П. — Жұмбақ жұлдыз жымыңы: ертегі – хикаяттар / П. Дүйсенбин. – Алматы: Ана тілі, 2025. – 312 б. Дүйсенбин, П.
Жұмбақ жұлдыз жымыңы: ертегі – хикаяттар / П. Дүйсенбин. – Алматы: Ана тілі, 2025. – 312 б.

Жазушы шығармаларының оқиғалары өте қызықты, тартысты бостандықтан оқырмандарды еріксіз баурап алады. Тілдік бояуы қанық, айшықты әрі көркем.

Жинаққа қаламгердің республикалық «Құлагер» бәйгесінде оза шауып бәйге алған «Ақбох, Көкжал, Жансая апа және төрт ноян» атты мифтік – фантастикалық хикаяты, халықаралық «Дарбоз» конкурсында Бас бәйге алған, жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні аса зор «Есен-сау жүріңізші, асыл ата» повесі енгізілген.

Бедард, М. — Мысыр айнасы : фантастикалық роман / М.Бедард; ағыл. тіл. ауд. Е.Бауыржанұлы. - Астана : Фолиант, 2025. – 328 б. Бедард, М.
Мысыр айнасы : фантастикалық роман / М.Бедард; ағыл. тіл. ауд. Е.Бауыржанұлы. – Астана : Фолиант, 2025. – 328 б.

Он үш жасар Саймон мен құрбысы Эбби Ежелгі Мысыр айнасына қатысты жұмбақ әрі фантастикалық оқиғалардың басты кейіпкеріне айналады.

Жергілікті дәрігерлер Мысыр айнасына қарағаннан кейін оғаш ауруға шалдыққан Саймонның диагнозын таба алмай дал болады.

Сол уақытта қарт археолог, Саймонның жақын досы Хокинс мырза өмірден өтеді, ал оның үйіне өздерін қарияның туысымыз деп таныстырған ерлі-зайыпты көшіп келеді. Саймон айнаның бастапқы иесі — қарияның жалған туысына байланысты құпияны ашпақ. Оған Эбби мен Хокинс мырзаның досы — қала мұражайының кураторы Кэмерон ханым көмекке келеді.

Айнаның ар жағында не бар?

Мысырлықтар адамның айнадағы егізі оның жанын ұрлай алады деп сенген. Бұл рас болғаны ма?..

Озғанбай Ө., Бекмағанбет К. — Өтті жылдар - отты жырлар. / Ө. Озғанбай, К. Бекмағанбет. – Алматы: «Runa баспасы» ЖШС, 2025. – 424 б. Озғанбай Ө., Бекмағанбет К.
Өтті жылдар – отты жырлар. / Ө. Озғанбай, К. Бекмағанбет. – Алматы: «Runa баспасы» ЖШС, 2025. – 424 б.

Кітапта Отан соғысына қатысқан майдагер әкелеріміздің қанды қасапта жүрсе де аузынан әзілі түспей табан астында тауып айтқан тапқыр сөздері мен ұтқыр жауаптары, өткір де өнегелі әзіл-қалжыңдары топтастырылған. Сонымен қатар бұл жинақта сол бір қасіретті жылдардың қас-қағым сәттік езу жиғызарлық оқиғалары мен майдан даласының тыныс тіршілігін, ерекше жайттарды, қазақи болмыс пен ұлтымыздың биік өресін көрсететін шағын әңгіме, аңыз-оқиға, өлең-жырлар және аса сирек кездесетін фотосуреттер топтастырылған.

Доспанов, Ж. — Қару мен Қалам: Майдангер қаламгерлер хақында/ Ж.Доспанов. – Алматы: Sunshine plus, 2025. – 224 б. Доспанов, Ж.
Қару мен Қалам: Майдангер қаламгерлер хақында/ Ж.Доспанов. – Алматы: Sunshine plus, 2025. – 224 б.

Кітап нақты құжаттар мен архивтік материалдар негізінде дайындалып, соғыс жылдарында, сондай-ақ соғысқа дейін және одан кейін де қолына қару мен қаламды қатар ұстаған қазақстандық журналистер, әдебиетшілер, ақындар мен жазушылар туралы баяндайды.

Олар жөніндегі мәліметтер қысқа да нұсқа берілген. Барлығы — майдангерлер, көпшілігі офицерлер, дерлік барлығы орден-медальдармен марапатталған. Олардың қатарында «Алтын Жұлдыз» иегерлері, бұл жоғары марапатқа екі мәрте ұсынылғандар, сондай-ақ соғыста қаза тапқандар да бар.

Бёрнетт, Ф. — Кішкентай лорд Фаунтлерой: роман / Ф. Бёрнетт; ауд. Ж. Кенжеғұл ; сурет. Я.Райзер. – Астана: Фолиант баспасы, 2025. – 160 б. Бёрнетт, Ф.
Кішкентай лорд Фаунтлерой: роман / Ф. Бёрнетт; ауд. Ж. Кенжеғұл ; сурет. Я.Райзер. – Астана: Фолиант баспасы, 2025. – 160 б.

Балаларға арналып жазылса да, ересектер де ерекше ықыласпен оқитын шығармалар бар. Мұның барлығы, сөзсіз, кішкентай Седрик Эррол есімді бала туралы, күтпеген жерден лорд әрі бай иеліктің мұрагері атанғаны жайлы жазылған Фрэнсис Бёрнетттің шағын повесіне қатысты.

Маккена, Д. — Сенің алғашқы миллионың / Д. Маккена, Д. Глайста, М. Фонтейн; ағыл. тіл. ауд. Г. Әбішева. – Астана: Фолиант, 2025. – 142 б.: сур. Маккена, Д.
Сенің алғашқы миллионың / Д. Маккена, Д. Глайста, М. Фонтейн; ағыл. тіл. ауд. Г. Әбішева. – Астана: Фолиант, 2025. – 142 б.: сур.

«Сенің алғашқы миллионың» — қаржы, жинақ, инвестиция, шығындар мен кірістер туралы балаларға арналған алғашқы қазақ тіліндегі басылым. Кітапта қаржылық жағдайдың баланың қабілеттеріне және қабылдаған шешімдеріне байланысты екені айтылады. Сонымен қатар ақша жинаудың және пайда табудың жолдары көрсетіледі. Қарапайым тілмен жазылған бұл кітап баланың қаржылай тәуелсіз және сауатты болып өсуіне, дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауына және өз өмірі үшін жауапкершілікті сезінуіне көмектеседі. Инвестиция дегеніміз не? Шығын неге кірістен аз болуы керек? 1 000 000 жинау үшін қаржылық жоспар қандай болу керек.

Скотт, М. — Роботтар мен дрондар. Кеше, бүгін, ертең: ғылыми комикс / М. Скотт; ил. Д. Чабот; ағыл. тіл. ауд. М. Шынарбекқызы. — Астана: Фолиант, 2025. — 128 б. Скотт, М.
Роботтар мен дрондар. Кеше, бүгін, ертең: ғылыми комикс / М. Скотт; ил. Д. Чабот; ағыл. тіл. ауд. М. Шынарбекқызы. — Астана: Фолиант, 2025. — 128 б.

Роботтар мен дрондар — тек ХХ ғасырдың ғана жаңалығы емес, олардың тарихы әлдеқайда тереңде жатыр.

Қызықты иллюстрациялармен безендірілген комикс-кітап оқырманды робототехника тарихымен және робот жасауға мүмкіндік беретін негізгі құралдармен таныстырады. «Таңғажайып роботтар залы» бөлімінде әлемдегі ең танымал 25 роботтың тізімі берілген.

Бұл кітап роботтарды жетілдірілген құрылғылардан ажыратуды үйретіп қана қоймай, өз роботыңды құрастыруға да көмектеседі.

Ергөбек, Қ. — Өтебай Тұрманжанұлы/ Қ.Ергөбек. – Алматы: Балалар әдебиет, 2025. – 208 б. Ергөбек, Қ.
Өтебай Тұрманжанұлы/ Қ.Ергөбек. – Алматы: Балалар әдебиет, 2025. – 208 б.

Өтебай Тұрманжанұлы — қазақ балалар әдебиетінің классигі, өлеңдер, балладалар, поэтикалық ертегілер мен мысалдардың авторы. Кітапта оның сынақ пен ізденіске толы күрделі тағдыры мен шығармашылық жолы баяндалады. Архив деректері негізінде қаламгердің өмірлік ұстанымы, әдеби мұрасы және балалар мен жас ұрпаққа арналған шынайы сөзі көрініс табады.

Герои-казахстанцы: краткий биографический справочник/ состав. А.Х.Жадыков. – Алматы: Мектеп, 2025. – 480 с. Герои-казахстанцы: краткий биографический справочник/ состав. А.Х.Жадыков. – Алматы: Мектеп, 2025. – 480 с.

Өмірбаяндық анықтамалық Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандықтарға, сондай-ақ соғыс және бейбіт уақытта осы мәртебеге теңестірілген тұлғаларға арналған. Басылымға сондай-ақ өмірі мен қызметі Қазақстанмен байланысты «Халық Қаһарманы» және Ресей Федерациясының Батыры атақтарын алған азаматтар туралы мәліметтер енгізілген.