
Ауылдық кітапхана – құқықтық ақпарат орталығы
2019 жылдың сәуір айынан бастап Ауылдық кітапхана – құқықтық ақпарат орталығы атты аудандық жоба іске асырылып жатыр.
Жоба мақсаттары – ауыл тұрғындарының барлық әлеуметтік реформаларға, мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жоба мынадай бағыттарды қамтыған: Жұмыссыздарға, Салық заңдылығы туралы, Мемлекет қызметкерлеріне, Зейнеткерлерге, Халыққа қызмет көрсету орталығы туралы, Жастарға, Ауыл шаруашылық қызметкерлеріне, Кәсіпкерлерге, Тұрғын үй, Көпбалалы аналарға, Жұмыспен қамту орталығы, Балалар құқығын қорғау.
Осы жоба іске асырылудың арқасында жастар және шаруа қожалықтар өкілдері, ауыл кәсіпкерелері, жұмыссыздар және басқа әлеуметтік топтар жаңа ақпараттық – құқықтық құжаттармен, жаңа жобалармен бағдарламалармен танысып отырады. Осы уақытқа дейін жоба арқылы 689 адам қажетті ақапарат алып, жобамен танысқан ауыл тұрғындарының саны 1305.