Бала тәрбиесіне қатысты ата- аналарға арналған жадынама .
1. Сіздің балаңыз бен отбасыңыз өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
2. Отбасы сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны содан кейін қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз.
3. Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кешке дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз.
4. Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін Сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
5. Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз . Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
6.Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.
7. Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым- қатынас барынша жиі болуын қамтамасыз етіңіз.
8. Жұмыстағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым- қатынасқа аудармаңыз.
9. Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде өткеізуге тырысыңыз.
10. Күнделікті бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл күйін де сұрастырыңыз.
11. Егер де қолыңыз босаса , оның достарымен танысып араласуға жұмсаңыз.
12. Кешіңізді теледидар көру, мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз.
13. Балаңызды жан- жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, кешігіп қалмаңыз