
Нұра ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі** Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «ММ» құрамына кіреді және 32 кітапхананы қамтиды, оның ішінде: **Б.Ысқақұлы атындағы 1 орталық аудандық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 4 ауылдық балалар кітапханасы және 26 ауылдық кітапхана бар.
Халықты кітапханалық қызметпен қамту көрсеткіші 88 %-ды құрайды.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Нұра аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қоры 255 121 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде 176 671 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер.
Оқырмандар назарына білімнің барлық салалары бойынша кең көлемдегі әдебиеттер ұсынылады: анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, салалық, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттер. Кітапхана қоры жаңа басылымдармен тұрақты түрде толықтырылып отырады, бұл әртүрлі жас санатындағы пайдаланушылардың ақпараттық, білім беру және мәдени сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Жүйеге қарасты ауылдық кітапханалар электрондық каталогты қалыптастыру және жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда электрондық каталог көлемі 72 417-ден астам библиографиялық жазбаны құрайды.
Электрондық каталогты құру және жүргізу жұмыстары автоматтандырылған РАБИС кітапханалық-ақпараттық бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қажетті әдебиеттерді жедел іздеуге және пайдаланушылардың кітапханалардың ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ауданның ауылдық кітапханаларының оқырмандары қатарында 16 500 тұрғын бар, оның ішінде 7 700 адам кітапханалардың электрондық қызметтерін пайдаланады.
Кітапханалық құжаттардың кітап берілімі 330 000 дананы құрайды, бұл кітапханалық қызметтердің сұранысқа ие екенін және халықтың кітап оқуға, кітапханалардың ақпараттық ресурстарын пайдалануға деген белсенді қызығушылығын көрсетеді.
Жүйеге қарасты барлық кітапханалар компьютерлендірілген. Ауылдық кітапханалардың компьютерлік техника қоры 97 бірлікті құрайды.
27 ауылдық кітапхананың оқырмандары Интернет желісі қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне ие.