Нормативтық құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда № 2029 болып енгізілді
Кәсіпкерлік қызметтің
жекелеген түрлері үшін
тіркелген салық ставкаларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) Кодексінің 419, 422 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет және ауданның әлеуметтік- экономикалық даму бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін (В.К. Эммерих).
3. Осы шешім 2013 жылғы 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
В.Ямковой
Аудандық мәслихаттың хатшысы
К.Саккулаков
2012 жылғы 09 қарашадағы
Осакаров аудандық маслихатының
11 сессиясының № 110 шешіміне
қосымша
Қәсіпкерлік қызметтің жекелеген
түрлеріне арналған тіркелген салық ставкалары
|
№ р/с |
Салық салу объектісінің атауы |
Бір объектіге салық ставкасы айлық есептік көрсеткіште |
|
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
|
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
|
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатың дербес компьютер |
1 |
|
4. |
Ойын жолы |
5 |
|
5. |
Карт |
2 |
|
6. |
Бильярд үстелі |
3 |