«Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Тарихи анықтама: Кез келген кітапхананың тарихы – бұл біздің қоғам өмірбаянының бір бөлігі. Біздің кітапханамыз өз оқиғаларына, дәстүрлеріне бай. Алғашында бұл кітаптары бар қарапайым лашық (изба) болды, кейін 1938 жылы аудан құрылғаннан кейін кітапхана аудандық мәртебеге ие болып, партияның аудандық комитеті жанында орналасты.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесін басқарады:
Қайырбекова Алмагүл Зекеновна
Телефон/факс: 8(72144) 22720
Эл.пошта: a.z.kairbekova@mail.ru
Сайт: https://nuralib.ful.kz/ru/news/
Біздің мекенжайымыз: Нұра к., Абай көшесі, 35
Жыл сайын жүйе – 19000 оқырманға қызмет көрсетеді
ОКЖ кітап қоры – 285.892 дана, соның ішінде қазақ тілінде – 186.083
Жылдық кітап берілісі – 341.000 мың дана.
Нұра кітапханаларының миссиясы:
Кітапханалардың ақпараттық, интеллектуалдық және рухани ресурстарын әрбір Нұра тұрғыны үшін барынша қолжетімді және пайдалы ету
Мақсаты:
– Әрбір пайдаланушының мүдделерін, жас, әлеуметтік, психологиялық және басқа да ерекшеліктерін, қоғамда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, олардың ақпарат алуға құқықтарын қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету, ҚР-дағы экономикалық және құқықтық реформаларды ақпараттық қолдау, жылдың басты оқиғаларын, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылын кітапханалық сүйемелдеу;
- Ақпараттық-кітапханалық ресурстарға, ақпараттар мен білімге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі идеяларын насихаттау жұмысын жалғастыру;
- Өлкетану материалдарын одан әрі цифрландыру және жүйенің барлық кітапханаларымен толық мәтінді өлкетану деректер базасын құру;
- Кітапхана қорын «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарын көрсететін жаңа әдебиеттермен жинақтау, СD-де электрондық кітаптардың тақырыптық топтамаларын құру үшін Интернет-ресурстарды пайдалану;
- Библиографиялық деректер базасын толтыру және online-каталогтың сапасын арттыру;
- Нұра ОКЖ веб-сайтын қолдау және дамыту, виртуалды пайдаланушыларды тарту және виртуалды келушілер санын арттыру, кітапхана қызметін әлеуметтік желілерде кеңінен таныстыру;
- Кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін арттырудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету;
- Ауданның кітапханалық кеңістігінде түрлі мекемелер мен ұйымдармен серіктестік байланыстарды дамыту, кітапханалар мен кітапхана қызметін баспа және Интернет-БАҚ-та таныстыру.