Мемлекеттік қызметкерлердін декларацияларын тапсыру мерзімі мен тәртібі

Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік крістер басқармасы ағымдағы жылдың 31 наурызында мүлік және ЖТС бойынша декларацияны (230.00нысаны) мемлекеттік қызметшілердің және олардың жұбайларының тапсыру мерзімі өтетінін, хабарлайды.
Барлық мемлекеттік қызметшілерге соңғы күндерге қалдырмай, декларацияны уақытында тапсыруды ұсынамыз.
2018 жылға мүлік және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (230.00 н.) толтырғанда 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №587 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген, мүлік және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (230.00 н.) құру ережесін басшылыққа алу керек.
Декларация өз декларациядан( 230.00 н.) және табыстар мен мүлік туралы ақпаратты бөліп көрсету үшін арналған оның қосымшаларынан тұрады (230.01 н. бастап 230.04 н. бойынша).
Декларацияны толтырғанда түзету, тазарту, қолмен жөндету жіберілмейді. Көрсеткіштердің жоғында декларацияның тиісті жәшікшелері толтырылмайды. Декларация қосымшасы тиісті көрсеткіштерді ашу талап етілген, декларация жолдарын толтырғанда міндетті түрде құрылады. Декларация қосымшасы оны көрсету жатқызылған, деректердің жоғында құрылмайды.
Декларацияны тапсырғанда:
1)Келу тәртібінде қағаз тасығышта- екі данада құрылады, бір дана мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) қағаз тасығышта хабарламамен тапсырыс хатпен почта бойынша – салық төлеуші хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы алады;
3) салық төлеуші электронды түрде мемлекеттік кірістер органдарының қабылдау жүйесімен салық есептілігін қабылдағаны немес қабылдамағаны туралы хабарлама алады.
Декларацияны уақытында тапсырмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.