«Нұра ОКЖ кітапханалары көрсететін ақылы қызмет туралы» Ереже

Нұра ОКЖ кітапханалары көрсететін
ақылы қызмет туралы
Ереже

1. Осы Ереже ҚР Мәдениет туралы Заңының 24 бабына, №555 2009ж. сәуірінде бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы Қаулысына, ОКЖ ережесіне, кітапхананы пайдалану Ережесіне сәйкес құрастырылған.

2. Ақылы қызмет оқырмандар талабын толық қанағаттандыру мақсатымен Нұра ОКЖ кітапханаларының қорын орынды және нәтижелі пайдалану үшін кіргізіледі, кітапхананың кітапханалық-ақапараттық қызметінің түрлерін кеңейтіп, қызметтің жайлылығын арттыруға, оқырмандар талабын толық және жедел қанағаттандыру мен олармен қарым-қатынасты нығайтуды қарастыруға бағытталған.

3. Ақылы қызмет негізгі қызметтің көлемі мен сапасын төмендетпей жүргізіледі. Нұра ОКЖ оқырмандарына негізгі қызметке қатысы жоқ қосымша ақылы қызметтер көрсетіледі.

4. Көрсетілетін ақылы қызметтің құны кітапхананың әкімшілігі ұсынысы мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ММ басшысы бекітеді және мезгіл-мезгіл жылына бір реттен кем емес өзгертулер енгізіледі.

5. Пайдаланушының тапсырысымен құрастырылған кітапханалық-ақпараттық құрал кітапхананың меншігі болып саналады. Кітапхана өзі құрастырылған ақпараттық-библиографиялық құралдың данасын көбейту құқығын пайдалана алады.

6. Ақылы барлық түрі белгіленген тәртіппен кассалық аппарат не бекітілген квитанция арқылы жүргізіледі.

7. Ақылы қызметті ұйымдастыру, жүргізу және оның сапасына жауапкершілікті кітапхананың әкімшілігі, құрылымдық бөлімшелердің кітапханашылары мен қызметті орындаушылар өз мойнына алады.

8. Кітапханалар жинаған қаржының есебі мен тіркеу нәтижесін Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ММ бухгалтериясы жүргізеді.

9. Кітапхананың ақылы қызметінен түскен кіріс бюджет кірісіне аударылады.